АЛҒЫ СӨЗ
Энциклопедия (грек. enkýklios paideía — «жан-жақты білім беру») — адамзаттың әртүрлі ғылым салалары, мәдениет, техника, тарих, қоғам және басқа да білім бағыттары бойынша жүйеленген, қысқаша әрі нақты мәліметтер жинақталған анықтамалық басылым.
Қазіргі заманда энциклопедияның электрондық нұсқалары дәстүрлі қағаз кітаптарға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Электронды онлайн энциклопедиялардың артықшылығына жылдамдық пен қолжетімділікті (іздеу мүмкіндігі, кез келген жерде қолжетімді, жаңартылу жеңілдігін) анық көреміз. Кеңейтілген мазмұны да электронды онлайн энциклопедияның мүмкіндігін кеңейтіп (гиперсілтемелер, мультимедиа элементтері, энциклопедияда бірнеше тілдегі нұсқалар қатар берілуі мүмкін көптілділік) заман талабына сай қолданыс аясын кеңейтумен бірге қолжетімділігін де арттыра түседі.
«Қазақ театры» академиялық онлайн-энциклопедиясы – бұл қоғам мен адамның жаңа сандық технологияның даму кезеңіне өтуіне байланысты заман талабына сай қолға алынған жоба. Еліміздің мәдениеті мен өнеріне арналған энциклопедиялық әр түрлі сөздіктер құрастырылып айналымда бар десекте, қазақ сахна өнеріне арналған онлайн энциклопедия жасау алғаш рет қолға алынып отыр.
Театрлың онлайн-энциклопедиясын жасау жобасы еліміздің бас сахнасы – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының 100 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылды. Десекте, ол тек Ұлттық драма театрының ғана емес, бүтіндей Қазақстанның сахна өнеріне байланысты мемлекеттік, республикалық, облыстық, қалалық театрларды қамтыды.
Тәуелсіз Қазақстанның театр картасындағы 80нен аса театр ұжымының кешегі тарихы мен бүгінгі шығармашылық тынысын, талантты өнерпаз тұлғаларын бір жерге жүйелеп жинау арқылы еліміздің сахна өнерін, оны жасаушы ұлтымыздың мақтанышына айналған талантты тұлғаларын түгендейтін боламыз. Альфавиттік жүйемен қазақ театрына қатысты негізгі салалар: шығармашылық ұжымдар, тұлғалар, қойылымдар, фестивальдер, театртану саласындағы зерттеулер мен терминдерінен тұрады.
«Қазақ театры» академиялық онлайн-энциклопедиясы BR27101897 «Қазақстан әдебиеттануы, фольклортануы және өнертануы экожүйесінің цифрлық трансформациясы: пәнаралық зерттеулер» нысаналы бағдарламасы аясында әзірленді.
Электрондық энциклопедияның қолданушыға пайдасы мол. Зерттеушілер мен ізденушілерге ақпаратты тез табуға көмектесетін уақыт үнемдеуге, оқырманға тек мәтін емес, сонымен қатар қосымша дереккөздер мен материалдар ұсына алатын интерактивтілік және білімді заманауи форматта жеткізіп, жастардың қызығушылығын арттыратын жаңашылдыққа ие.
Іздеу нәтижелері
Тұлғалар
Қойылымдар
Ұжымдар
Қазақстандағы театр ұжымдары, ансамбльдер мен мәдени ұйымдар туралы мәліметтер. Сізге керегі — алфавиттен әріпті басып, ұжым атауын тез табу.
Толық ұжымдарды көруФестивальдар
Халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі мәдени іс-шаралар туралы ақпарат. Фестиваль атауын алфавит арқылы лезде сүзуге болады.
Толық фестивальдарды көру